pool.ntp.org қауызына мен қалай қосыламын?
Біріншіден: Қызығушылық таңытқаңыңызға рахмет. Қауыз (pool) қолданысы тым қатты өсіп келе жатыр және әркімге кызметқұр (server) қауызын жеңіл пайдаланудың жалғыз амалы қатысатын қызметқұрдың саның көтеру.
Компьютеріңізде өзгермейтін ҒТ (IP) мекені және тұрақты Ғаламтор байланысы болу керек. ҒТ мекеніңіз өзгермеуі өте маңызды, ең болмағанда өте сирек өзгеру керек (мысалы жылына бір рет не одан да аз). Керекті өткізу көлемі салыстырмалы аз. Әр қажеткер 20 минут ішінде тек бір жұп UDP ұйыспа жібереді.
Қазір қызметқұрдың көбісі секундына 5-15 ЖУТ (Желі Уақыт Тәртібі) ұйыспа алады, бірақ жүктеме бір-екі рет күніне секундына 60-120 ұйыспаға дейін биіктейді. Бұл жалпы 10-15 кбит/сек биіктермен 50-120 кбит/сек тең. Орташа айтқанда, сізге 384-512 кбит өткізу көлемі қажет болуы мүмкін (кіріс және шығыс). Әр қызметқұрға жүктеме кенет көтерілмеу үшін жоба бір келкі көб қызметқұр талап етеді.
Қосылатын қызметқұрлар жоғарғы жақ құзметқұр ретінде pool.ntp.org-ты қолданбай, жақсы қызметқұрларды қолымен орнату керек (бұл қызметқұрлар қауыздан алыну мүмкін; Маңыздысы олар әр қосқан сайын кездейсоқ емес, бір рет өзгермейтіндей таңдалады; Бұл қанағатты қызмет ұсынуға көмектеседі). Қызметқұрыңыз 1 ия 2 дәреже болудын қажеті жоқ - бұл жоба жүктемені тарату туралы, сол үшін 3, 4 дәреже қызметқұрлар да қосыла алады.
Қосылған қызметқұрға ұсынатың баптаулар парағы бар бізде.
Соңында, қауызға қосылу ол ұзақ мерзімді жауапкершілік екенін айтқым келеді. Жағдайыңыз өзгеріп қауыздан шыққыңыз келсе, әр уақытта шыға аласыз, бірақ ЖУТ қажеткердің жұмыс баптауы сондай апталар, айлар және ЖЫЛДАР өтеді сұраныстары толығымен тоқтағанша.
Егер осы бәрімен келіссеңіз, қызметқұр басқару парақшасына кіріңіз де қызметқұрыңызды қауызға қосуды талап етіңіз. Жүйемен мәселелер туындаса, менімен хабарласыңыз ask@develooper.com.
Сонымен қоса тортізімге және мүмкін қауыз хаттама тізімге жазылуға сұраумын сізді.
Талап емес, бірақ жақсы болушы еді, егер сіздің уақыт қызметқұрға (80 портына) келген тор сұраныстарды жобаның ресми тор парағына жолдасаңыз https://www.ntppool.org. Apache-мен жұмыс істесеңіз ондай осылай жасай аласыз:
<VirtualHost *:80> ServerName pool.ntp.org ServerAlias *.pool.ntp.org *.ntppool.org Redirect permanent / https://www.ntppool.org/ </VirtualHost>
Бұны істеу керек егер сіз тор қызметқұрды жүргізсеңіз. Жобаның ресми тор парағы әрқашан 'www'-мен басталады - бірақ адам кейде ерінеді де pool.ntp.org деп тереді, содан кездейсоқ бір тор параққа түседі.
Қауызға қосылған соң қызметқұр әрдайім қолжетімділігіне және дәлділігіне бақыланып тұрады. Қызметқұрдың өнімділігін тор бетарасы не басқару парағы арқылы біле аласыз.